Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қозықұйрықтың құпия қасиеті

10.11.2022, 9:00 452

Адам ағзасына қажетті дәрумендер күнделікті тұтынатын жеміс-жидек пен калорияға бай тағам түрлерінде бола бермейді. Белгілі мөлшерде зат алмасу процесіне қатысатын жасушалардың жұмысына саңырауқұлақ өнімін тұтынып тұрған пайдалы. Дегенмен, соңғы уақытта кәсіпкерлер саңырауқұлақтың шампиньон деп аталатын түрін өсіріп, оны сатуды кәсіпке айналдырған. Қызылордалық кәсіпкер Мақпал Төлепбергенова інісі Маханбетпен бірге «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдауға ие болып, шампиньон өсіріп, табыс табуды көздеген.

– «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында арнайы курстан өтіп, қайтарымсыз қаржы иелендім. Қазір саңырауқұлақтың осы түрін 250 шаршы метр аумақты қамтитын жылыжайда ерекше күтіммен өсіреміз. Әрі тұқымын Ресей мемлекетінен алдырамыз және фитосанитарлық сертификаттан өткен мицеллиден өсіп шығады. Арнайы күтімді қажет ететін шампиньонның құрамында аскорбин қышқылы, фолий қышқылы, холин, калий, магний, фосфор, кальций, натрий, кремний, күкірт секілді ағзаға қажет  дәрумен қоры жинақталған. Әрі аз  мөлшердегі мырыш, селен, темір, йод кездеседі.  Сондықтан, көкөністің осы түрін өсіру пайдалырақ деп таптық және мұнда  4 адам жұмыспен қамтылған, – дейді кәсіпкер Мақпал  Мүслімқызы.

Жоғарыдағы  элементтердің  адамның  іш құрылысындағы қызметі айқын. Ол арқылы терінің күйі жақсарып, коллагеннің түзілуіне ықпал етеді және холестеринді қышқылға айналдырады. Одан бөлек ақуыздың, майдың, көмірсудың қорытылуын жақсартып, жасушалық тыныс алуды қалыпқа келтіреді. Тіпті ағзаға түскен барлық дәруменнің  сіңірілуіне  әсер  етіп, зор күш жұмсайтын бірден-бір  көкөніс  түрі. Қазақша  қозықұйрық  деген  атауға ие шампиньонды  дәл осы  сөзбен  байланыстыруының  өзі таза, зиянсыз және қажет екенінен хабар береді. Шампиньонның  осынша дәруменге бай екенін білмеген боларсыз, сондықтан, дүкен сөресінен көріне қалса, тұтынып көрген дұрыс. Оны түрлі салат пен тағамға қосып пайдаланады. Тек мөлшерімен іске асырылса болғаны.

Ердәулет  ҚАЛИЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: