Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеру мәселесі жайлы сөз қозғады

27.10.2022, 17:15 615

HALYQLINE.KZ Бүгін аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес аудан орталығынан алыс орналасқан Қуаңдария ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы өңірдегі оң өзгерістер мен атқарылған жұмыстарға тоқталып, ауылдың жағдайы және халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеру мәселесі жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ, Қуаңдария ауылдық округі бойынша бүгінгі күнге дейін жүзеге асқан жобалар мен алдағы уақытта кезеңімен іске асатын жұмыс жоспарымен бөлісті. Соның бірі – ең ауқымды жоба Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб құрылысы. Мемлекеттік сатып алу қорытындысымен бүгінде бас мердгер «Ахат+ГС» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізіп келеді. Биылғы жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, ауыл тұрғындарына пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар, Қуандария ауылдық округіне қарасты бұлақ су ұңғымаларын мемлекеттік тіркеу, құжаттарын рәсімдеу үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінгендігін және мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Бақанды» каналын мелиорациялық жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленуде екендігін жеткізді.

Сонымен бірге ауыл әкімі А.Аймырзаев Қуаңдария ауылдық округі бойынша тиісінше атқарылған жұмыстарды тұрғындарға баяндады. Қуандария ауылдық округі бойынша, бүгінгі күнге тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері, ауыл шаруашылығы оның ішінде өзекті жайылымдық жерлер, жол, жарық мәселесі, ауылды көркейту көгалдандыру барысындағы абаттандыру жұмыстары және тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне жіті тоқталды. Кездесуден кейін аудан әкімі салынып жатқан Қуаңдария ауылындағы 100 орындық клуб құрылысының жұмысымен танысып, мердігерге сапалы жұмыстар жүргізуді және мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: