Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пандемия – бейбіт күннің «бомбасы»

16.04.2020, 11:09 548

Адамзат басына төнген індет жер жүзін желмен жарыса шарпып тұр. Бейбіт күннің «бомбасына» айналған пандемия салдарынан адам өмірін сақтаудың тәуекелді тізгіні осалдығы бір байқалды. Олай деуге себеп те бар, «COVID-19» пандемиясы науқастармен қоса медицина қызмет­керлерінің өміріне айтарлықтай қауіп туғызып тұр. Өмір мен өлім арпалысында үй көрмей, отбасынан алшақта жүрген қызметкерлер үшін бұл жағдай оңайға соғып тұрған жоқ. Физикалық күшпен қоса моральдық тұрғыдан да тыныштық аз. Үзіліссіз жұмыста күнделікті жаңа ақпар, сағат сайынғы, минут ізіндегі жаңа мәлі­меттерді игеру олардың денсаулығына кері әсер етіп жатыр. Аңдамай басқан бір қадам бүкіл өміріне, тіпті өзгенің өміріне де залалын тигізуі әбден мүмкін. Қорқыныш құрсауы мен үрей жетегінде жұмыс істеу адамды рухани тұрғыдан шаршатып, қажырын жұтып қоятынын ескерсек, бүгінгі дәрігерлер қауымы оқ пен оттың ортасы­нда ерлікпен жұмыс істеп жүр деген сөз. Тіпті олардың әр қадамы­ қауіпті саналатынын да ұмытпауымыз керек.­ Әлемдік тәжірибеден көргеніміздей, кейбір елдерде коронавируспен ауырып, қайтыс болғандардың жерлеу рәсімі қашықтан жүргізілуде. Кей жағдайда туыстарына­ мүлде берілмей, рәсім орындайтын арнайы маман­дар арқылы жер қойнына­ тапсырылуда. Жуырда Қазақстанда да осы инфекциядан көз жұмғандарды жерлеу туралы­ ереже қабылданды. Бұл ережені ұстануд­ы басқа салмасын. Десек те, онда не жазылғанын дәл осы мезетте білу әр адам  үшін  маңызды.

Айта кетейік, қауіпті індеттен қайтыс болғандардың денесі туыст­арына берілмейді. Қауіп­сіздік мақсатында мә­йіт­ханада марқұмның денесі ашылмайды. Ал ақтық сапар­ға шығарып салуға туыстарына бар-жоғы 1 сағат ғана уақыт беріледі. Оның өзінде тек әйнек сыртынан қарауға ғана. Тағы бір шарт, жерлеуге тек ет жақындары шақырылады. Ал олардың саны 7 адамнан аспауы­  керек­. Жерлеу  рәсімін  эпидемиолог  мамандар  қадағалайды.

Медицина мамандары COVID-19 вирусымен күрестің алдыңғы қатарында болған­дықтан, олар да жоғары қауіпке ие. Мәселен, Италия­да 80-ге тарта дәрігердің өмірі осы дерттің  салдарынан  ерте  тоқтады. Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліме­тінше, әлемде 3000-нан астам медицина қызметкері ауруды жұқтырды. Осы дерек Қазақстанда да тіркелді, 230-дан астам медицина маманы жұмыс барысында ауру жұқтырып алған.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырған 1267 науқас тіркелген. Ауру салдарынан қайтыс­ болғандар саны – 14. Қызыл­орда облы­сы­ вирус жұқтырғандар саны бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейін үшінші орында тұр. Десек те облыс орталы­ғында жазылып шыққандар бар.

– Облыста ауру жұқтырғандар саны – 124, оның ішінде Қызылорда қаласы – 12, Жаңа­қорған – 19, Арал – 4, Сырдария – 25, Қармақшы – 4, Шиелі – 61, Қазалыда 1-еу. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Емдік хаттамаға сәйкес ем жүргізілуде. Облыс бойынша коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен 1500-ден  аса адам байланыста бол­ған. Ескертетін жайт, соңғы тәулікте Қызылорда облысы­на сырттан 19 азамат келген. Олар да бақылауғ­а алынды, – деп мәлімдеді кеше Қызыл­орда облысы денсаулық сақтау басқармасының басшыс­ы  Ж.Абдусаметов.

Сондай-ақ, Қызылорда облысы аурудың асқын­ған ошағына айналуына байланысты Қызылорда  облыстық тауарлар мен көрсетіле­тін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақыла­у департаменті, яғни облыстың бас санитар­ы  бірқатар  шектеулер  енгізді.

Бірінші, облыс тұрғындары көшеде, өзге де қоғамдық орындарда бетперде тағуы міндетті.

Екінші, беймезгіл, кешкі 21:00-ден таңғы 6:00-ге дейін көшеде жүрмеуге тиіс.

Үшінші, дәрілік заттар, азық-түлік қажетті­лігін алуға және тұрмыстық қоқыстарды шығаруғ­а 1 адамнан артық бара алмайды.

Төртінші, медициналық көмек алуға бару үшін 3  адамнан  артық  жүруге тыйым салы­нады.­

Бесінші, жұмысқа тек жергілікті атқарушы органның бекітілген тізбесіне сай барады.

Алтыншы, барлық құрылыс жұмыстары он күнге тоқтатылды.

Жетінші, меншік нысанына қарамастан азық-түлік дүкендері таңғы сағат 10:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.

Сегізінші, облыс бойынша автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.­

Тоғызыншы, меншік нысанына қара­мастан барлық нысандағы ұйымдардың жұмысы қашықтан қызмет көрсету фор­матына  ауыстырылды.

Оныншы, қызмет көрсетудің барлық түрі онлайн  режимге  көшті.

Ең соңғысы, бұған дейін белгіленген жұмыс  тәртібімен және күшейтілген режиммен жұмыс істеп келген қоғамдық көлік­тердің де қызметі тоқтатылды.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты мемлекет бас­шысы карантин режимін 1 мамырға дейін ұзарту туралы жарлық бекітті. Бұл қатаң тәртіп – әр тұрғынның өмірі мен денсаулы­ғы үшін жасалған қадам. Кез келген тұрғын өзін және өзгені бұл дерттен сақтаудың бірден-бір жолы. Сондай-ақ, медицина маман­дарының өзі де зардап шегіп отырған инфекция дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын да бейжай қалдырып отырған жоқ. ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрей­есустің айтуынша, инфекциямен немес­е инфекцияның көзімен байланысқан­ жағдайда медицина қызметкерлері кем деген­де екі апта бойы өзін-өзі оқшаулауы керек­. Дәрігерлердің өз өмірін қатерге тігіп, жұмыс істеп  отырғанын бағалағанымыз жөн. ДДСҰ есебіне сәйкес, бүгінде бүкіл әлемде  мейірбике кадрларының тапшылы­ғы 5,9 миллионды құрайды. Дәл қазіргі қауіп­ті кезеңде біз осы көрсеткішті көбейтпес үшін қатаң талаптарға  бағынуымыз  керек.

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: