Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

42500-ді қайтарасыз ба?

15.04.2020, 10:36 682

HALYQLINE.KZ –| ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42500 теңгенің айналасындағы сауалдарға тиянақты түрде жауап берген болатын. Төлем алар алдында «алдымен өз статустарыңызды анықтап алып өтініш жасаңыздар» дегенді де қадап айтқан болатын. Соған қарамастан көптеген өтініштер келіп түскен. Осы уақыт аралығында министрлікке азаматтардың шотына келіп түскен 42500 теңге төлемін қайтадан қайтару мүмкіндігі жөнінде сауалдар жоланыпты. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев  фейсбук әлеуметтік желісінде жауап берді.

– Қаражатты қайтарғысы келетіндер мына есепшоттарды сақтап алуына болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕАҚ» Бенефициардың БСК: GCVPKZ2A Бенефециардың ЖСК: KZ67009SS00368609110 Бенефициардың БСН: 160440007161 Бенефициардың КБЕ: 11 СТК: 049. Әрине, төтенше жағдай кезінде бұл банктердің мобильдік қосымшалары арқылы жасалу керек. Кейбір банктер қаражатты заңды шоттарға жіберуге мүмкіндік береді,- деді ол.

Оның айтуынша, жүйеде кетіп жатқан қателіктер ретімен жөнделіп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: