Елімізге жаппай ресейліктердің қоныстануына байланысты Ішкі істер органдары көші-қон заңнамаларының талаптарын қатаң сақтауды талап етеді.
– Ішкі істер министірлігі қонақ үй, хостел, пансионат, жатақхана, пәтер иелерін көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Шетел азаматы келген күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Ішкі істер органдарына міндетті түрде хабар беру керек, – деді Көші-қон қызметі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.
Заң талабы орындалмаған жағдайда заңды тұлғалар үшін 10-нан 25 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал қайталанған жағдайда 100 айлық есептік көрсеткішке дейін (306 мың теңгеге) айыппұл төлейді.
Жеке тұлғалар үшін ескерту түріндегі жаза, ал қайталап бұзғаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге мөлшерінде айыппұл көзделген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!