Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қуаттағыштың бірдей болғанын қуаттап отыр

21.01.2020, 12:51 485

Еуропарламент бүкіл ұялы телефон өндірушілерді бірыңғай қуаттағыш шығаруға міндеттемек. Оған бүкіл смартфондар, планшеттер мен электронды кітап оқитын құрылғының бәрі кіреді. Қазіргі таңда әр компания түрлі қуаттағыш шығаратыны белгілі.

– Заң жобасын ұсынушы­лардың айтуынша, мұндай қадамға баруға электронды құрылғылардан қалатын қоқыс әсер етіп отыр. «Қуаттағыштардың әртүрлі болуы қолдану үшін ғана тиімсіз емес. Жыл сайын электронды құрылғы қоқысын 51 000 тоннаға арттырып отыр. Бұл – өте көп», – дейді Еуропа пар­ла­ментінің мүшесі Хилде Ваутманс.

Еуропарламенттің тағы бір депутаты Петра де Сюттер­дің сөзіне қарағанда, бүкіл теле­фон­ға ортақ қуаттағыштың бол­мауының басты себебі – алпауыт компаниялардың лобби жасауында жатыр. Мәсе­лен, Apple компаниясы нарық­тағы өз жүйесін ұстап қалуды көздейді.

«Қарт құрлықта» мұндай жоба алғаш рет ұсынылып отырған жоқ. 2009 жылы Еуро­палық комиссия электронды құрылғы өндірушілермен келісіп, бірыңғай қуатта­ғыш шығаруға келіскен бол­а­­­тын. Тіпті кез келген келісімге көне қоймайтын Apple компа­ния­сы да мұндай талапқа кө­ніп, Еуропалық одақта қол­да­ны­латын арнайы қуат­тағыш шы­ғарған-тұғын.

Алайда, бұл бастама ерікті түр­де жүргендіктен, 2014 жы­лы оның мерзімі аяқталды. Сөй­­тіп элект­ронды құрылғы өн­­дірушілер қай­тадан бұрынғы әніне басқан-ды.

Жалпы, бірыңғай қуат­та­ғыш шығару ең әуелі Apple ком­паниясына әсер етпек. Өйт­кені Huawei, Samsung секілді телефон нарығындағы үлкен компаниялар USB-C қуаттағы­шын қолданады. Apple секілді кейбір өндірушілер ғана құ­рыл­ғы­ларын дербес қуат­тағыш түріне бейімдеген.

2018 жылы Еуропалық пар­­­ла­мент қайтадан бастама көтеріп, элект­ронды құрылғы на­ры­ғы­на қатысы бардың бәрін үнқосу­ға шақырды. Көп ұзамай Apple осыған байланысты арнайы мәлімдеме жасаған-ды. Ком­­панияның сөзіне сүйенсек, мұн­дай талап телефон қуатта­ғы­шын шығарушылардың жұмы­сы­на кедергі келтіреді. Өйт­кені олар ізденіп, жаңаша әдіс ұсыну­дың орнына бір орында тұрақтап қалмақ.

Сондай-ақ Apple экология­лық таза қуаттағыш шығаруды қолға алғанын да алға тарт­­ты. Қазіргі таңда 1 миллиардқа жуық осындай өнім саудаға шы­ғарылып үлгеріпті. Дегенмен компания сақтық ретінде кей­бір өнімдерін USB-C түріне ауыстыра бастады.

Еуропа парламентіндегі бүкіл сая­си топтар да бұл жобаны қол­­дап отыр. Осыған байланыс­ты қарар ақпанда дауыс беруге ұсы­­ны­л­мақ. Қысқа­сы, алда-жа­лда Еу­ро­палық парламент Apple се­кіл­ді комп­а­ния­ларды бірың­ғай қуат­­­­та­ғыш шығаруға мін­дет­те­се, мұ­­ның бүкіл әлемге әсер ете­ті­нін бол­­жау қиын емес. Өйт­кені түрлі на­рыққа арнап бір­неше қуат­тағыш шығарғаннан, бір түрін ғана өндірген тиімді болатыны түсінікті.

Egemen.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: