Елбасының елді бірлікке, сабырлылыққа шақырған үндеуі арқылы ұлт саулығы мен мемлекет қауіпсіздігі ажырамас ұғым екендігіне тағы да көз жеткіздік.
«Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды» – деп атап өтті.
Бүгінгі күні әлемді жаулаған коронавирус пандемиясы өзекті мәселеге айналды. Бірнеше салалар бойынша жұмыс орындары онлайн жүйеге көшірілді.
Дегенмен, халықтың діттеген жеріне кедергісіз жетуін қамтамасыз ететін қоғамдық тасымалдау саласы өз қызметін үзіліссіз жалғастыруда. Әрине, біз барлық сақтық шараларын қатаң ұстанамыз. Әр бағытқа шығар алдында көліктерге міндетті түрде тазалау, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Себебі, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз.
Сондықтан, дәрігерлерден бастап, сіздер үшін тәуекелге басын тігіп, аянбай еңбек етіп жатқан қызметкерлерге қолдау білдірулеріңізді сұраймын.
Өзі сөзін аға ұрпаққа, зиялы қауымға арнап қорытындылаған Елбасы халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеді.
Тыныштықты, тәртіпті сақтау – вируспен күресудің басты құралы. Әр адам өз жауапкершілігін сезіне білсе, бізге де, сізге де қауіп төнбейді.
Н.АХАТОВ,
Қызылорда қалалық мәслихат депутаты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!