Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі Сексеуіл кентіне жұмыс сапарымен барды

12.08.2022, 10:45 673

HALYQLINE.KZ Аудан әкімі С.Сермағамбетов жұмыс сапарымен Сексеуіл кентінде болды. Алдымен кенттегі қатты отын түсірілетін аймаққа барып, көмір жеткізуші кәсіпкерлермен кездесті. Жылу беру маусымы қарсаңында отын қорының жеткілікті мөлшерде болуы керектігін айтқан аудан басшысы тиісті орындардан осы кезден бастап қатты отынды әкелінуі қажеттігін тапсырды.

Жақын маңдағы ауылдық округтер тұрғындары да қыстық отынды кенттегі орталықтан алатындықтан сұраныс жоғары болатынын ескеріп, жауапты мамандарға сапалы көмірдің жеткізілуін қадағалауды жүктеді. Қазіргі таңда кенттегі отын түсірілетін аймаққа Шұбаркөл көмірінің алғашқы легі жеткізілуде.

Мұнан кейін аудан әкімі кент маңындағы тұрғындардың бақша өнімдерін егіп жатқан егіс алқабына барды. Мұнда егін шаруашылығына бет бұрған бірнеше кент тұрғыны ерте көктемнен бастап, жер жыртып, еткен еңбектің өнімін алуда. Бірнеше гектарда картоп, қияр асқабақ сынды бақша өнімдері жемісін беруде.

Аудан басшысы егістік алқабындағы шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін субсидия алу мүмкіндері бар екендігін айтып, қажетті қолдау көрсетілетіндігін білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: