Қызылорда облысы бойынша коронавирусқа шалдыққандардың саны 104-ке жетті. Бұл туралы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж.Әбдусәметов мәлімдеді. Жаңадан 12 жағдай тіркелді. Оның 6-ауы – Сырдария, 3-еуі – Шиелі, 2-еуі – Қызылорда қаласы және 1-еуі Жаңақорған ауданынан тіркеліп отыр.
Қызылорда қаласында – 12, Жаңақорған ауданында – 17 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 55, Сырдарияда – 14, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.
Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында жазылып шыққандар жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!