Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен және қалалық мәслихаттың келісімімен Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды.
Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласында дүниеге келді. 2004 жылы С.Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.
2006-2008 жылдары – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.
2008-2010 жылдары – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.
2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
2017-2019 жылдары ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, 2019 жылғы желтоқсаннан бері Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.
Айта кетейік, Ерлан Айтаханов Шымкент әкімі лауазымынан босатылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!