Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

12 субъектіге қатысты тексеріс басталды

21.06.2022, 17:10 330

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратураға Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігімен бірлесіп сұйытылған газды өткізу кезінде бағалық сөз байласу және өзге де бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттеріне қатысты тексеру жүргізу тапсырылды.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті Қызылорда облысының прокуратурасымен бірлесіп Қызылорда облысының аумағында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізумен айналысатын 12 субъектіге қатысты «Қызылорда-Газ» ЖШС» ЖШС, «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Олжас» ЖШС, «NS Engineering ОРДА» ЖШС, «Auto Gas Station» ЖШС, «Galaxy Oil» ЖШС, «Seksen gas» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Байқоңыргаз» ЖШС, «Invadam» ЖШС АФ» ЖШС, «Рза-Мұнай-Газ-құрылыс» ЖШС Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бойынша тексеруді бастады.

Тексеру нәтижелері бойынша 10 субъектіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, шешім қабылдау үшін соттарға жоланды. Маусым айындағы жағдай бойынша «Қызылорда-Газ» ЖШС» ЖШС, «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Galaxy Oil» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Байқоңыргаз» ЖШС қатысты заңды күшіне енген сот шешімдері бар (облыстық соттың апелляциялық инстанциясы бірінші сатыдағы соттың шешімін өз күшінде қалдырды). Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 80 млн теңгені құрады.

Бүгінгі таңда бюджетке шамамен 60 млн теңге төленді. Басқа субъектілерге қатысты сот талқылаулары жүріп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: