HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы әкімінің кубогы үшін қаламгерлер арасында шағын футболдан республикалық турнир өз мәресіне жетті.
Доп додасына Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған, Шымкент қаласы мен Жамбыл, Түркістан, Жетісу облысынан барлығы 9 команда бақ сынады.
Журналистер қауымының басын қосқан бәсекеде топ жарған «Экспресс К» командасына арнайы кубок пен 1 миллион теңге қаржылай ұтыс берілді. Ал екінші орын иеленген «Хабар» командасы 700 мыңды місе тұтты. Турнирде үшінші орынды «Ақмешіт» командасы (400 мың), төртінші орынды «Харекет» командасы (200 мың теңге) иеленді.
Одан бөлек үздік ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға да арнайы жүлделер берілді. Мәселен, «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» номинациялары. Аталған турнир алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Турнирдің мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, ел аумағындағы БАҚ өкілдерінің шығармашылық әріптестік, сондай-ақ, достық байланысын нығайту.
Сырбойылық команда сапында Әділбек Жақанов, Нұржан Батыршаев, Талант Айымбетов, Алтай Сағындықов, Нұрлыбек Нұрмахан, Рыскелді Жахман, Елдос Асан, Дархан Тоқсейт секілді БАҚ өкілдері өнер көрсетті.
Айта кетейік, қызылордалық қаламгерлер бұған дейін де республикалық турнирлерде топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!