Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан бері 3 бала терезеден құлаған

15.06.2022, 10:30 247

HALYQLINE.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері «Терезе» профилактикалық шарасы аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Биыл көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен құлаудың 3 жағдайы тіркелді. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, балаларды қараусыз қалдырудың салдарынан оқыс оқиғалар жиі тіркеледі екен. Сондықтан көпқабатты тұрғын үйлерде сақтық шараларын барынша сақтап, балаларды терезе маңына жақындатпауды ескертті.

– Жақында «Арай» мөлтек ауданында 3 жастағы сәби 4-ші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Бұл оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Қаламызда көпқабатты тұрғын үйлердің терезесінен балалардың құлап кету жағдайлары жиі тіркелуде. Мәселен, биыл 3 жағдай тіркелсе, өткен жылы 10 бала терезеден құлаған. Өкінішке қарай, оның 2-еуі қаза тапты. Осы себепті жаз бойы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады. Құрметті қала тұрғындары кішкене балаларыңызды бақылаусыз қалдырмауларыңызды сұраймыз. Бала қауіпсіздігі – ең бірінші орында, – деді Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түймебаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: