Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскерге шабытпен барғандар табытпен оралуда

06.06.2022, 13:20 843


HALYQLINE.KZ Әскер – өмір мектебі. Барып-келгендердің пікірінше, азаматтың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, тәртіпке салатын, Отанына, отбасы мен туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігін арттыратын өмір мектебі. Дей тұрмақ соңғы кезде өлім саны көбейіп жатыр. Айдың-күннің аманында ер-жігіттер қыршынан қиылып, көптеген отбасылар қара жамылып жатыр. Бишара ата-ана мұндай жағдайға кімді кінәлайды?

Жақында ғана Маңғыстау облысы Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Тешебаев Еділ Бақытұлы «асылып қалған». Әскери бөлімдегілер марқұмның Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тұратын отбасына түрлі сылтау айтып біресе белбеуіне, біресе аяқ-киім бауына асылып қалған деседі. Тағы бір күмәнданарлық жағдай, әскери бөлімдегілер марқұм жазып кеткен деп түрлі жазбалар жіберіп жатыр екен. Жазбаларда көрсетілген уақыт дұрыс көрсетілмеген. Жазу да марқұмға тиесілі емес көрінеді.

Сонымен қатар, 13 сәуір күні Маңғыстау облысына қарасты Ақшұқыр ауылынан әскери борышын өтеуге аттанған жауынгер бар болғаны он күн ішінде о дүниелік болған. Сарбаз Әлібек Қалбай  есімді жас жігіт жұмбақ жағдайда көз жұмған еді. Қатардағы жауынгер 22 сәуірде Гвардия гарнизоны базасында сап түзеу кезінде қаза тапқан болатын.

Қазақстанда әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың қаза болғаны немесе «суицид жасағаны» жайлы ақпарат жиі шығады. Елбасының өзі, «Отанымыздың тәуелсіздігін, тыныштығын, шекарасының бүтіндігін қорғайтын жауынгер болу – әркім үшін де зор құрмет» деп айтып өткен болатын. Алайда тәуелсіз Қазақстанда осындай жантүршігерлік жағдайлар болып жатқанда қай ата-ана іштен шыққан ізбасар ұлын сеніп әскерге жібереді. Құзырлы органдар темір тәртіп орнатып, жағдайды ерекше бақылауға алмаса, сап­та­ғы сарбазды қорлау, өлтіру не­месе өз-өзіне қол жұмсауға итер­мелеу жалғаса беретін сыңайлы. Ал бұл әскерден табытпен оралатын сарбаздардың санын кө­бейт­песе, азайтпайды. Қоры­та айтқанда, елімізде әс­кери әлімжеттік анау айтқандай тыйыл­ды деуге келмейді.

Аружан СЕРІКОВА,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: