Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Автокөліктегі өрт оқиғасынан қалай сақтанамын?

07.04.2020, 11:31 1263

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысында жыл басынан бері 26 өрт оқиғасы автокөлікте болған. Осы себепті, автокөліктегі өрт қауіпсіздігі — өрттің алдын алу жұмыстарының басты бағыттарының бірі.

Автокөлік – тез тұтанғыш материалдардың нағыз қоймасы: бензин, май, резеңке, бояу, былғары немесе мата, сым және тағы сол сияқты материалдар бар.

Автокөлік толықтай 4-6 минут ішінде жанып кетеді. Сондықтан осындай өрттің жанында болсаңыз, оқиға орнынан 10-15 метр қауіпсіз қашықтықта мүмкіндігінше тезірек кетіңіз, себебі автокөліктің жануы кезінде бензобактың жарылуы мүмкін.

Өрттің басты себептері:

— Электр сымдарының ақауы;

— Кейбір бөлшектердің жоғары температурада болуы;

— Автокөлікте темекі шегу;

— Қауіпті жүктерді дұрыс тасымалдамау;

— Автокөліктердің соқтығысы;

— Қасақана өртеу.

Өрт болған жағдайда автокөлік жүргізушісі әрдайым дұрыс іс-әрекет жасауға және өрт ошағын оқшауландыруға дайын болуы тиіс.

Әрқашан автокөлікте үш маңызды зат: дәрі-дәрмек қобдишасы, өрт сөндіргіш, синтетикасыз жапқыш болуы тиіс.

Бексұлтан БИЖІГІТ,

Қызылорда облысы ТЖД

Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау

басқармасының бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: