Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарақшылық қылмысына қатысқан тұрғындар ұсталды

25.05.2022, 17:15 476

​ HALYQLINE.KZ  25 мамыр күні сағат түнгі 03:30 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына азамат хабарласып, белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы хабарлама түсірген.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер қала аумағында орналасқан құрылыс нысандарының біріне заңсыз кіріп құрылысшыларды қаруға ұқсас затпен қорқытып 9 ұялы телефондарын, құрылыс құралдары мен қаражаттарын алып кеткен.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай екі облыс тұрғыны ұсталды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда, үшінші күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (Қарақшылық, яғни тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: