Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Күніне 100-ге жуық қоңырауға жауап беремін»

07.04.2020, 10:44 524

HALYQLINE.KZ –| Қазір Төтенше жағдайға байланысты ХҚО мамандары қашықтан үйден отырып жұмыс істеуге көшті. Осынау еліміздегі болып жатқан ахуалға қарамастан, сіздер үшін үйінде отырып қызмет көрсетіп жатқан қаншама қызметкерлер бар. Солардың бірі – Абибуллаева Жанар.

Жанар Шапатжанқызы – Арал ауданындағы ХҚКО қызметкерлерінің бірі. Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп жатқанына бүгінде 12 жылдан асыпты. Тәжірибелі маман қазіргі уақытта үйінде отырып, бейнеқоңырау арқылы халыққа онлайн түрде қызмет көрсетуде.

«Үйде отырып жұмыс істеу қиын әрі қолайсыз болса да, қазіргі жағдай соны талап етіп отыр. Күніне 100-ге жуық қоңырауға жауап беріп, кеңес беремін. Кеңес алуға көбіне онлайн түрде ЭЦҚ алу, Мобильді азаматтар базасына (МГОВ) тіркелу мен түрлі анықтамалар бойынша хабарласады. Оған қоса екі балама да көңіл бөлемін. Барлығына да үлгеруге тырысудамын. Бұл қиындықтардан да өтерміз» – дейді, Жанар Абибуллаева.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ құрған Call-орталықтарда 1414 бірыңғай байланыс орталығының жұмысын күшейту үшін 2366 ХҚКО қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 607-і үйден ұялы телефондар арқылы кеңес береді, 769 қызметкер бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейне идентификациялау үшін тартылған.

Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы бойынша 100 қызметкер 1414 телефоны арқылы кеңес беруде. Оның 50-і үйден ұялы телефон арқылы кеңес береді, 37 қызметкер бейнеқоңырау арқылы көрсетілетін қызметті алушыларды бейнеидентификациялау үшін тартылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: