05.05.2022 жылы сағат 11:30 шамасында Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіне келген Қ. есімді азаматтың азық-түліктері арасынан тыйым салынған зат тәркіленді.
Ол бұл күні мекемеде ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен айыпталып, қамауда отырған досына келген болатын. Сәлем-сауқатты қабылдау бөлмесіндегі қызметкердің жұмысына деген жауапкершілігі мен қырағылығының нәтежиесінде, досына тосынсый жасамақшы болған азаматтың қулығы іске аспай қалды.
Сырттай қарағанда бір литрліктен екі пластмасса құтысындағы салқын суды ешкім ажырата алмас.
Алайда, бұл азамат бұндай сұйықтықтардың да, ашылып тексерілетінін білмеген болу керек.
Қырағы сақ бақылаушы, құтыны ашып көргенде, спирттік ішімдіктің исін бірден сезген.
Осылайша, мекеменің ішкі тәртіптеме қағидаларында көзделмеген сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттар болып табылғандықтан, конягі бар құты тәркіленіп, алынды.
Ал досын қуандырмақшы болған азаматтың үстінен баянат толтырылып, ісі қалалық сотқа жіберілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!