Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

01.05.2022, 9:00 2465

HALYQLINE.KZ

Қазақ халқы – ежелден татулық пен бірлікті жақсы көрген, сүйген халық. Сондықтан рудың, елдің үлкендері мен сыйлы, құрметті адамдары жан-жағына, айналасына ақылы мен кеңесін айтып, ұрпақтарына өсиет қалдырып, елдің тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауға тырысқан. Соның арқасында осынау Атыраудан Алтайға дейінгі атырап даланы аман алып қалды десек болады.

Бүгінгі таңда Қазақстан – көпұлтты, көп этнос қоныстанған ел. Олар да бірлік пен теңдікте, ынтымақтастық пен ауызбіршілікте өмір сүруде. Еліміз сыртқы елдермен де, шекаралас көршілерімен де келісімде, бітімде болуға тырысады. Аймақта тұрақтылыққа қол жеткізгісі келеді. Ғаламдық тұтастық пен бүкіләлемдік бейбітшілік орнағанын қалайды. Яғни, қазақ халқы атам заманнан бейбітшілік пен тұрақтылыққа ұмтылған ұлт ретінде әлі күнге дейін сарабдал, мәмілегерлік саясат ұстануды құп санайды.

Ендеще, ардақты ағайын, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Суретті  түсірген  Нұрболат  НҰРЖАУБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: