HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Amanat» партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттілігін тоқтатты. Президент бұл туралы партияның кезектен тыс ХХІІІ съезінде мәлім етті. Алайда, партия қатарынан шықса да «Amanat»-тың бағдары өзгермейтініне сенім білдірді.
Осы арқылы Президент елімізде партиялар арасында бәсекелестіктің артатынын, алдағы сайлауларда барлық партияға тең мүмкіндік туғызатынын айрықша атап өтті.
Рас, саяси жүйеде әділдік болғанда ғана оның процестері демократия тұрғысынан дамиды. Ол үшін елдегі партиялар арасында тепе-теңдік сақталуы қажет. Сондықтан Мемлекет басшысының шешімі «Жаңа Қазақстандағы» оң өзгерістің бір парасы екені даусыз.
Кей саяси сарапшылар бұл өзгеріске қарап, «Аmanat» партиясының беделі бұрынғыдай болмауы мүмкін деген болжам айтады. Бірақ, партияның Тәуелсіздік жылдарында елімізде жетекші рөл атқарғанын барлығы жақсы біледі. Барлық саяси бәсекеде жеңіске жетіп отырды. Сондықтан біздің партия алдағы саяси науқандар да белсенділік таныта бермек. Президенттің кешегі съезде саяси сабақтастық сақталып, партия өз жұмысын жалғастыра беретіндігіне сенім білдірді. Бұл «Amanat» партиясындағы әрбір азаматтың халық алдағы жауапкершілігін сезіндіре түседі.
Айнұр ТОБАЕВА,
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ»
Қызылорда облысы бойынша филиалы директоры
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!