Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатты

26.04.2022, 15:30 257

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы президент партияның кезектен тыс XXIII съезінде айтты.

«Бүгіннен бастап «Аманат» партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда, президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтамын. Сондай-ақ жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін» , – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Amanat партиясының кезектен тыс XXIII съезі Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: