Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстау керек

06.04.2022, 14:45 622

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Сұлтан Мақашевтың жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша есебін тыңдады.

2022 жылдың І тоқсанында басқармаға мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен салынатын нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы 161 хабарлама келіп түскен. Оның 110-ы заңдылық тұрғысынан тексеріліп, тізілімге енгізілсе, 51 хабарлама анықталған кемшіліктерге сәйкес кері қайтарылған. Тізімге енгендердің 45-і (40,9%) Қызылорда қаласында, 65-і (59,1%) аудандарда орналасқан. Олардың 19-ы бюджет қаражаты есебінен, 91-і – жеке қаражатқа салынып жатқан нысандар.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жалпы 3 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде 1 нұсқама берілді.

Сұлтан Мақашев құрылыс обьектілеріне бару арқылы профилактикалық сипатта тексерілетін барлығы 17 кәсіпкерлік субъектісі жоспар енгізіліп, оның 11 тексерумен қамтылып, анықталған бұзушылақтар бойынша 9 нұсқама берілгенін жеткізді.

Заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты 2 әкімшілік іс қозғалып, кінәлі тұлғаларға айыппұл салу жазасы қолданылды. Сонымен қатар, құрылыс саласындағы заңнама талаптарын өрескел бұзған техникалық қадағалау сарапшыларына аттестаттарын тоқтатуға дейінгі қатаң жаза қолдану практикасы да жүзеге асуда.

Аймақ басшысы құрылыс жұмыстарының сапасын үнемі бақылауда ұстап, заң бұзушылыққа жол бермеу қажет екенін айтты. Жаңа нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауды, міндетті түрде пандустың ыңғайлы болуын тапсырды. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін дер кезінде қарап, электронды қызмет көрсету бағытын дамытуды жүктеді.

Айта кету керек, есепті мерзімде электронды мемлекеттік қызмет жүйесі порталы арқылы тұрғындарға 466 қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» электронды жүйесі арқылы 161 обьектіні пайдалануға қабылдау актісі келіп түсіп, оның 99 есепке алынса, 62 заңнама талаптарына сәйкес ресімделмеуі себепті кері қайтарылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: