Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық –
бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз.
Жастарға зор үміт артамын.
Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек».
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ел Президентінің биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауы еліміздегі әрбір сәбидің, бүлдіршін-балалардың бақытты балалығына, қуанышқа толы қызықты сәттеріне зор үлес қосуда. Осы орайда бүгін Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында балалар жылына арналған «Өнер қуған өрендер» атты облыстық көркемөнер үйірмелеріне қатысушылардың мерекелік концерті өтті.
Концертке облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы қатысып, жас өрендерге жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, концертке қатысушыларға сәттілік тіледі. Концертке өңіріміздегі барлық аудан, ауылдардан 200-ден аса өнерпаз бүлдіршініміз қатысты.
Талайды тамсандырып жүрген Сырдың жас жыршылары мен дәстүрлі орындаушыларының, қазақ фольклор өнерін талайға танытқан ансамбльдердің, мың бұралған бишілер мен күйшілердің, өңірімізде тұңғыш рет жұмысын бастаған классикалық өнердің бастауы болған балет студиясының, вокалдық орындаушылардың қатысуымен өткен шара жоғары деңгейде өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!