Қызылорда қалалық прокуратурасымен жүргізілген қадағалау жұмыстарының нәтижесінде жергілікті атқарушы органдармен кәсіпкерлердің құқықтарын шектейтін акті қабылданғаны анықталды.
Атап айтқанда, Қызылорда қаласы әкімдігінің қалалық жер қатынастар бөлімінің 2020 жылы өткізген сауда-саттық хаттамасымен Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауынан 70 кәсіпкерлік субъектісіне кәсіпкерлік қызметтерін дамыту және жүзеге асыру үшін жер учаскелері 1 жылға жалдау құқығымен сатылған.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 35-бабының 2-бөлігіне сәйкес елді мекен шегінде объектілер салу үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы кемінде 3 (үш) жыл мерзімге беріледі. Алайда жергілікті атқарушы орган жер учаскесін жалдау құқығын аукционға сату кезінде 3 жылға бермей, заңсыз түрде мерзімін 1 жылға белгілеп, кәсіпкерлердің құқығының шектелуіне алып келген. Соның салдарынан кәсіпкерлер қысқа мерзімде құрылыстарын жүргізе алмаған.
Аталған дерек бойынша Қызылорда қалалық прокуратурасымен кәсіпкерлік субъектілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында қала әкімдігіне наразылық актісі енгізіліп, нәтижесімен бүгінгі күні әкімдік пен кәсіпкерлер арасында қайтадан қосымша 2 жылға шарт жасалып (3 жыл мерзімге толыққанды), жер телімдерін жалға алу мерзімдері ұзартылды.
Қызылорда қалалық прокуратурасы бизнесті қорғау бағытында қадағалау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл бағытта мобильді топ жұмыс істейді және 8-7242-2476-95, whatsApp 8-775-721-45-28 сенім телефондарына кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу деректері бойынша хабарласуға болатынын назарға саламыз.
Көрнекі фото
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!