Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Терминалдағы қаражатты ұрлап…

17.03.2022, 12:45 479

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің кәсіби шеберліктері мен қырағылықтары нәтижесінде ақша ұрлығы ізі суымай ашылды.

11 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының  кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған болатын. Белгісіз адам қала аумағында орналасқан азық-түлік дүкендердің бірінде тұрған терминалды бұзып, 160 мың теңгені ұрлап кеткен. 

Жедел мәлімет бойынша полиция қызметкерлерікүдіктіні ұстады. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттеріжүргізілуде. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: