HALYQLINE.KZ Жамбы атудан жүлдесіз қайтпай жүрген аруымыз – Гүлдана Алыбаева. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылының тумасы. Бірнеше халықаралық, республикалық жарыстардың жүлдегері. Желіген аттың үстінде, нысананы дөп көздейтін мерген қыздың жасы 20-да.
Көшпенділердің көне өнерін кәсіп еткен аруымыз жамбы атуда жігіттермен қатар шауып, нысана көздеуде талайынан оқ бойы озық шығып жүр. Гүлдана «әлем мойындағын спортта алар асуым әлі де көп», – дейді. Мақсаты – Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ел мерейін үстем етіп, қазақ ұлтының құралайды көзге атқан мерген екенін дәлелдеу.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!