Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтын сапа» байқауына өтінім қабылдау басталды

01.03.2022, 11:45 626

HALYQLINE.KZ «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауына өтінімдерді қабылдау басталғандығын хабарлайды.

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) ұйымның өнім және/немесе қызметтер сапасы саласында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудағы тиімділігі жоғары әдістер (енгізілген менеджмент жүйесі болғаны міндетті) енгізгені үшін байқау негізде ұсынылады.

Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқауға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар қатыса алмайды.

Сыйлық үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъекті) және мына мына номинациялар бойынша беріледі:

1) «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын»;

2) «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын»;

3) «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын»;

4) «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын».

Байқауда «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалады.

Байқауға қатысушылар алдыңғы үш жыл ішінде шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын растауы тиіс.  

Байқау жыл бойына өткізіледі және мынадай негізгі кезеңдерден тұрады.

1. Өтінімдерді 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында тапсыру қажет. 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап өтінімдерді қабылдау тоқтатылады!

Байқауға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне» (www.altynsapa.kz сайтының «Қатысу шарттары бөлімінде» жазылған) сәйкес өзі орналасқан жердегі өңірлік кәсіпкерлер палатасына (бұдан әрі – ӨКП) материалдарды ресімдеп, 1 шілдеге дейін тапсырады.

2. ҰКП сараптамалық тобы алдын ала бағалап және 40 финалисті анықтайды (тамыз-қыркүйек).

3. Сараптамалық топ кәсіпорындарға барып, байқаудың финалистерін бағалайды.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссия отырысы (қараша).

Сыйлық лауреаттарына тиісті диплом, байқау эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

Құрметті кәсіпкерлер, сапа саласындағы байқауға қатысуға шақырамыз. Толық ақпарат алу үшін әлеуметтік желілердегі «Алтын сапа» ресми парақшасына және www.altynsapa.kz сайты жаңалықтарына жазылыңыз. Кеңес алу үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 919-388 (ішкі 1931) және 8 (7172) 919-344.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасынан жауапты маман Малика Тютебаева, байланыс нөмірі 8 /7242/ 40-09-81.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: