HALYQLINE.KZ Nur Otan партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұсынысты Мәжіліс cпикері Ерлан Қошанов Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде айтты.
Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдаған болатын. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысты. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды.
Еске салайық, былтыр қарашада саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім шығарды. Ол партияны Ел Президенті басқаруы тиіс екенін айтты. 28 қаңтарда Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.
Ақпанда Президент партия жұмысын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге және жедел әрекет етуге тиіс.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!