Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…»

08.02.2022, 11:30 731

Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы – есірткі болғанын білеміз.

Біздің ғасырымыздың басты дерті — нашақорлық. Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді. Біздер, жастар болашақтың жасампазы, жарқын елдің көрінісіміз.

Есірткі-ғасыр дерті. Есірткі түрлері әр алуан болып келеді және бағасы адам ойламайтын құнға жетеді. Оларды тізіп айта берсек, өте көп. Мысалы: кокаин, героин, конопля, ханка, мак, гашиш т.б. Көптеген жасөспірімдер нашақорлыққа бет алуды анашадан бастайды. Нашақорлықтан туындайтын қиындықтар өте көп. Нашақорлар жиналып бір ғана инені қолданады. Соның салдарынан бір-біріне СПИД секілді екінші бір жазылмас дертті жұқтырады. Сонымен бірге нашақорлар әрдайым қылмыс жасауға бейім тұрады. Марихуананың буына масайраған жандар кісі өлтіруден де тайынбайды. Сол нашақорлыққа алып келетін, есірткі заттарының шығу тарихын білу үшін тарих беттеріне үңілсек, біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді.

1946 жылдан бастап бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті. Есірткі дегеніміз –грекше наркоз, ұйықтату, ұйқымен ұмыттыру мен жансыздандыруды білдіреді. Есірткі – бұл адамның көңіл –күйін,сана-сезімін,мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады және аса қауіпті,айығу үмітсіз. Әлеуметтік дерті адамның сезімін толықтай жансыздандырады деуге болады. Сондықтан, әлеуметтік жағынан азғынға, жансызға айналғыңыз келмесе, жастар, қатарластарым – есірткіге жолама! Кішкене кезімізден қазақи тәрбиенің тәлімін алып, қаспағын қорек еткен отбасында өсіп келемін. Отбасымда жалғыз ер баламын. Ошақтың иесі, шаңырақтың отын түтетіп, отын өшірмейтін жауапты тұлғамын. Қазақы тәрбие біздің отбасында бір ғана сөзбен айқындалады, ол “ұят болады”. Қазағымның қағаз бетіне басылмаған “ар-ұят кодексінде” жаман әдетке ешқашан орын болмаған.

Есірткісіз болашақ – ең жарқын болашақ. Болашағымыз нұрлы болсын десек, зиянды әдеттерден, есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!

Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебі,

Жолдасбек Мұхаммед. 9 а сыныбы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: