HALYQLINE.KZ Қызылордада ломбардқа ұрлыққа түскен кезекті қылмыстық топ құрықталды. Айғақ заттар тәркіленді.
Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде белгісіз адамдар тобы қала орталығында орналасқан ломбардтардың біріне ұрлыққа түсккен.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасыныңқызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа күдіктелген екі қала тұрғыны құрықталды. Айғақ зат ретінде ұрланған алтын бұйымдар, оның ішінде 125 дана алтын сақина, 22 дана алтын алқа, 7 дана алтын білезік, 3 алтын сағат, 1 дана үлкейткіш әйнек және ноутбук тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚазақстанРеспубликасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруамалдары жүргізілуде. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!