Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғалымдар коронавирусты емдеудің жаңа әдісін тапты

01.04.2020, 14:02 526

Мамандар коронавирустан айыққан адамдардың қанын құю арқылы жаңа науқастарды емдеуге көмектесуі мүмкін. Бұл туралы Гонконг университетінің ғалымдары мәлім етті деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мамандар сириялық атжалмандарға ғылыми тәжірибе жасап көрді. Олардың ACE2 ақуыздары адамдардыкіне ұқсас келеді. Ғалымдардың мәліметінше, дәл осы органикалық зат арқылы коронавирус ағзаға түседі.

Зерттеушілер кеміргіштерге SARS-COV-2 инфекциясын енгізіп, кейіннен ағзаларында антиденелер бөліп шығарып, аурудан айыққан сүтқоректілерді іріктеп алды. Олардың қаны негізінде дайындалған сарысу сау атжалмандарға құйылды. Содан соң бұл топқа да инфекция енгізген.

Тәжірибе нәтижесінде анықталғандай, сарысу салынғаннан кейін кеміргіштердің ағзасына түскен вирустық жүктеме он есе төмен болған. Ғалымдардың пікірінше, бұндай тәсіл адамдардың да вирустан жазылу процесін айтарлықтай жеңілдетуге көмектеседі.

# Үйде болыңыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: