Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әкімдікті басып алуға қатысқан көпбалалы аналар қамауға алынды (Видео)

26.01.2022, 11:10 322

 HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Қызылордада жаппай тәртіпсіздік кезінде екі көпбалалы ананың қамауға алынғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі Facebook парақшасында жария етті деп хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, Қызылорда қаласында 5 қаңтар күні болған жаппай тәртіпсіздік кезінде екі азаматша бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, заңсыз әрекетке жол берген.

«Бейнежазбада көрсетілгендей, азаматшалар Н.Ж мен Б.З тас лақтырып, әкімдіктің қоршауына мініп, балағат сөздер айтып, ғимаратқа заңсыз кірген. Аталған екі азаматшаға қатысты «сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне» Қылмыстық кодексінің 272-бабының 2-бөлігімен (жаппай тәртіпсіздікке қатысу) қылмыстық іс тіркеліп, жан жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген.

Бүгінгі күні екі азаматшаның қылмыстық әрекеттерін толық мойындағаны, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуы, соңғыларының денсаулық жағдайы мен өздерінің өтініштерін ескеріп бас шарасы үй қамаққа ауыстырылды», – делінген қалалық ПБ ресми хабарламасында.

Әрбір дерек мұқият зерттеліп, нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: