Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды

20.01.2022, 15:50 246

HALYQLINE.KZ Павлодарда 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Сайт мәліметінше, Қазақстанның 59 жастағы азаматы 2003 жылы шілдеде Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген.

«Сол кезде ер адамды Ресей Федерациясының ФСБ қызметкерлері ұстаған, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамнан «ешқайда кетпеу туралы қолхат» алынған. Алайда сол кезде 40 жаста болған ер адам Қазақстанға кетіп қалған. Осы жылдар ішінде іздестіріліп жатқан қылмыскер Павлодар қаласында тұрған», – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адам мемлекетаралық іздеуде жүргені туралы ақпаратты Ресей Федерациясының құқық қорғау орғандары берген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: