Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: Жаппай тәртіпсіздіктен 96 адамға қылмыстық іс қозғалды

19.01.2022, 10:45 292

HALYQLINE.KZ Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар бүлікшілер әлі де ұсталып жатыр. Бүгінде полицияға 727 адам жеткізілген. Күдікке ілінгендердің 96-сы қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған.

Дүрбелеңде болғандардың бәрі лаңкестер емес екені анық. Сотқа ісі жеткендердің көбі яғни, 400-ден аса азаматтың қылмыс жасамағаны анықталып, тек әкімшілік жауапқа тартылған. Тіпті, жай ғана ескертумен құтылғандар да бар. Ал қанды қақтығысқа қатысы барлар қатаң жазаға тартылатын болады. Кеше түнгі 12-де төтенше жағдай режимімен қоса коменданттық сағат аяқталып, аймақта енгізілген шектеулер алынады. Сондай-ақ облыс аумағындағы 28 блок-бекет жұмысын тоқтатып, жолдар толық ашылады. Яғни, бүгіннен бастап тұрғындар қалыпты жағдайдағы өмірге оралады. Жалпы өңірде қоғамдық-саяси ахуал тұрақталды. Барлық халыққа қызмет көрсету нысандары жұмыс істеп тұр. Азық-түлік қоры жеткілікті дейді жергілікті әкімдіктегілер. 

Әділбек СЕРІКҰЛЫ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: