HALYQLINE.KZ Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация есебінде 600-ге жуық сотталған бар. Қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Бақыт Наурызбаевтың айтуы бойынша есептегі 90 сотталғанға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданып, іс-құжаттары жинақталып Қызылорда қалалық №2 сотына жолданған.
Қызылорда қалалық №2 сотында 7 сотталғанның іс-құжаты сот өндірісімен қаралды. Оның ішінде 2-еуі рақымшылық заңына сәйкес босатылса, 5 азаматқа жазасының өтелмеген 3/1 бөлігі қысқартылды. Ал қалған 83 сотталғанның іс –құжаттары сот қарауында», – деді қалалық пробация қызметінің бастығы Б.Наурызбаев.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!