Бір күні әкесі баласына:
— Балам, сенің нағыз досың бар ма? — деп сұрай қойды.
Сонда баласы:
— Әрине бар, — деп жауап береді.
Сонда әкесі баласына:
— Онда қорадағы қойды сойып, оны қапқа салып досыңа апар да, оған адам өлтіріп алғаныңды айт. Сосын сенің нағыз досың бар ма, жоқ па, білетін боламыз, — дейді.
Баласы әкесінің айтқанын орындайды. Бірақ оның досы қызбен жүргенін, уақыты жоқ екенін айтады. Бала оны әкесіне айтады. Сонда әкесі қапты алып, өзінің досына барады да:
— Достым, мен адам өлтіріп алдым, енді қайтем?! — дейді.
Сонда әкесінің досы қолына тапаншаны алады да, қапқа атып:
— Оны сен өлтірген жоқсың. Оны біз өлтірдік, жүр тығатын жер табайық. Сосын ешқашан «Мен» деп айтпа, «Біз» деп айт, — дейді әкесінің адал досы.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!