Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нағыз досың бар ма?

15.01.2022, 12:00 341

HALYQLINE.KZ

Бір күні әкесі баласына:

– Балам, сенің нағыз досың бар ма? – деп сұрай қойды.

Сонда баласы:

– Әрине бар, – деп жауап береді.

Сонда әкесі баласына:

– Онда қорадағы қойды сойып, оны қапқа салып досыңа апар да, оған адам өлтіріп алғаныңды айт. Сосын сенің нағыз досың бар ма, жоқ па, білетін боламыз, – дейді.

Баласы әкесінің айтқанын орындайды. Бірақ оның досы қызбен жүргенін, уақыты жоқ екенін айтады. Бала оны әкесіне айтады. Сонда әкесі қапты алып, өзінің досына барады да:

– Достым, мен адам өлтіріп алдым, енді қайтем?! – дейді.

Сонда әкесінің досы қолына тапаншаны алады да, қапқа атып:

– Оны сен өлтірген жоқсың. Оны біз өлтірдік, жүр тығатын жер табайық. Сосын ешқашан «Мен» деп айтпа, «Біз» деп айт, – дейді әкесінің адал досы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: