Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өңірде антитеррорлық операция жалғасып жатыр

12.01.2022, 14:45 402

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында ішкі істер органдарына 391 адам жеткізілді. Ал уақытша ұстау абақтысына 62 адам қамалды. Өңірде антитеррорлық операция жалғасып жатыр. 5 қаңтардан бері төтенше жағдай режимі талабын бұзған 82 адам анықталған. Облыс бойынша барлық ауданмен облыс орталығында 28 блок бекет орнатылған. Қалада зиян келген нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Азық-түлік пен дәрі-дәрмектен тапшылық жоқ. Тұрақтандыру қорында бір жарым мың тонна азық-түлік қоры бар. Сұйытылған газ бен бензин де жеткілікті. Бүгінде 48 адам ауруханада ем алып жатса, 9-ы – жансақтау бөлімінде.

Бектөре Сұлтан, Қызылорда облысының коменданты:

– Аймақта жедел ахуал тұрақты. Әкімшілік ғимараттар, наряд блок-посттар қарулы күзетпен қамтамасыз етілді. Көшедегі жағдай бақылауда. Мемлекеттік банк, басқа да ұйымдар жұмысы қалпына келді.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: