HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасында төңкеріс жасау әрекетіне тойтарыс берілді. Террористер Ақорданы басып алмақ болған. Күштік құрылымдардың шұғыл қиымылының нәтижесінде лаңкестердің арам ойы жүзеге аспай қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында осылай деп мәлімдеді.
Президенттің айтуынша, Ақордаға төнуге оқталған содырлар Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымының бітімгерлері келіп жеткен үш әскери-көлік ұшағын байқап, кейінге шегінген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!