HALYQLINE.KZ «Мемлекет басшысы барлық үндеуін өзі жазды» деп хабарлайды Хабар 24. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жариялады.
«Мемлекет басшысының кейінгі шешімдері мен үндеулерін блогосферада әрқилы түсіндіруге байланысты мынаны мәлімдеймін: Қасым-Жомарт Тоқаев – мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Осы қызметінде ол өзі шешім шығарады. Бандиттер конституциялық құрылымды бұзу үшін Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күнде де осылай болған. Отандастарына жасаған барлық үндеуін ол кеңесшілердің қолдауына жүгінбей, дәстүр бойынша өзі жазды» – делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!