Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қайсар» маусымды қалай аяқтайды?

27.03.2020, 11:11 520

«Halyqline.kz»  сайты осыған дейін оқырмандар назарына өзінің үшінші сауалнамасын ұсынып үлгерді. Еске салайық, бұған дейін «Қай ауданның даму динамикасы жоғары?», «Билік блогерлерді жақсы көре ме?» деген секілді сауалдарға жауап іздеп көрген болатынбыз. Ал, бұл жолы спорт тақырыбына, оның ішінде әлемдегі №1 спорт саналатын футбол ойынына қатысты сауалнама сұрағын қойып, жауап нұсқаларын әзірледік. Жергілікті команда болған соң, сырбойылықтардан және спортсүйер қауымнан «Қайсар» маусымды қалай аяқтайды?» деп сұрау қажеттілігі туды. Жүз пайыз жан-жақтылықты қамтуды көздеп, оқырмандар үшін бақандай 5 нұсқа қарастырдық.

Қызылорданың бас клубы «Биыл ел чемпионы атанады»­ деген нұсқа 8% дауыс жинады. Бұл – ең төменгі нәтиже­. Демек, ҚПЛ-де «қасқырлардың» фаворит емес екенін барлығы жақсы біледі. Тиісінше, сауалнамаға қатысушылардың сырбойылық клубқа сенетіндігін де сандар статистикасы растап отыр. Мұны 12% дауысқа иелік  еткен  «Бірінші  лигаға  кетпейтіні  анық» деген нұсқа айғақтай түседі. Иә, олай деуге де негіз бар. Соңғы 2-3 жылдың көлемінде «Қайсар» өзіне жүктелген тап­сырманы 100 пайызға орындап жүр. Әрі алтылықтан ары жылжыған емес. Сондықтан болар, «4-орыннан төмен түспейді» жауабын таңдағандар 23%-ды көрсетті. Бұл ең көп дауыс жинаған 3 нұсқаның қатарына еніп отыр. Сауалн­аманы көрген 300-ден аса оқырманның басым бөлігінің ойы «Әрі кетсе 5-6-орын шығар» дегенге саяды. Өйткені, футболсүйер қауымның 25%-ы осылай ойлайды.­ Бір жағынан қарасақ, бұл жауаптан командаға деген сенімсіздік  те  байқалатындай.

Жалпы, қызылордалық клуб үшін өткен жыл өте сәтті болды. Футболдан ҚР Кубогының финалында «Атырау» клубымен кездесіп, жиырма жыл күткен жеңісіне қол жеткізген­-ді.  Биыл  Суперкубокта  ел  чемпиондарына 1:0 есебімен жол бергені бар. «Трансферлік есікте» қатарын­а бірқатар талантты легионерлер мен қазақстандық ойыншыларды қосқанын да жақсы білеміз. Сол себепте­н шығар, «Қола жүлдеге таласуға қауқары бар» деген­ нұсқа ең көп (32%) дауысты жинады. Яғни, жан­күйерлер, спорт сарапшылары, т.б. футбол мамандары «қасқырларға» зор сенім артып отыр. Әрине, мұның орындалатыны не орындалмайтыны маусым соңында нақты­ белгілі болады. Осы күні Қазақстан Премьер-лигасы­ ойындарының уақытша тоқтатылып тұрғанын және командалар екі-екіден («Астана» мен «Қайрат»  3 ойын өткізді – ред.) ғана ойын өткізгенін ескерсек, кесімді пікір айтуға әлі ерте секілді. Десе де, қос ойыннан толық ұпай жинаған «қасқырлар» тұралап қалған турнирлік кестеден ойып тұрып орын (3-орын) алды. Қалай десек те, «Қайсар» маусымды қалай аяқтайды?» деген сауал­ әр сырбойылық жанкүйердің көкейінде тұрғаны анық. Біздің мақсатымыз – алдын ала жорамал жасау емес, жанкүйерлердің жергілікті командаға деген сенімін бақылап көру. Нақты жауапты уақыттың өзі береді.

Алдағы уақытта «Halyqline.kz» сайты ел ішіндегі өзекті жаңалықтарға, жайттарға байланысты сауалнаманы тұрақты түрде ұйымдастыруды мақсат етеді. Барлық оқырмандарды белсенді болып, бірге атсалысуға шақырамыз!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: