Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада «Pfizer» вакцинасын 2000-нан аса тұрғын ектірді

24.11.2021, 14:45 334

HALYQLINE.KZ Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Бүгінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 87,9 пайыз болса, екінші дозасын 74,4 пайыз тұрғын қабылдаған. 15 қарашадан басталған «Pfizer» вакцинасын облыстағы 2 016 тұрғын қабылдады. Атап айтқанда, жүкті әйелдер – 366, бала емізуші кезеңіндегі әйелдер – 226 және 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер – 1 424. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

«Облыстағы эпидемиологиялық ахуал жақсарды деп айтуымызға болады. Өңірімізге 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, бала емізетін және аяғы ауыр әйелдерді індетке қарсы вакцинациялау үшін «Pfizer» препаратының 23 400 дозасы жеткізілген болатын. Қазіргі таңда 12-18 жас аралығында вакцинацияны АҚШ, Канада, Израиль, Сингапур, Жапония, Қытай және Еуропа мемлекеттерінде сәтті жүргізілуде. Вакциналаудың тиімділігі, қауіпсіздігі мен сапасы бойынша тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Мәселен, қала және аудандардағы оқу орындарында ата-аналармен медицина саласының мамандары кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде», – деді Әлия Мүтәліпқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: