Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аймақ басшысы Мария Доценкомен кездесті

23.11.2021, 10:45 410

HALYQLINE.KZ Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының гендерлік тендік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымының өкілдерін қабылдады. Жиынға Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының гендерлік тендік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымының өкілі Мария Доценко, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ляззат Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Аида Абибуллаева және тиісті сала басшылары қатысты.

Кездесуде аймақ басшысы гендерлік саясатты дамыту бағытындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына тоқталып, ел Президентінің әйелдер үлесін 30%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы өңірде жүйелі түрде жүзеге асырылатынын жеткізді. Сондай-ақ, өңірде әйелдердің тұрмыстық мәселелерін арнайы эксперттік мамандармен бірге кешенді түрді зерттейтін жобаларды пысықтау жұмыстары басталатынын тілге тиек етті.

– Биыл қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздер ҚР Үкіметімен белсенді ынтымақтаса отырып, мемлекеттің ұлттық даму саласындағы бірінші кезектегі міндеттерін іске асыруға және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою, әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне көтеру, сондай-ақ әйелдердің бітімгершілік процестердегі рөлін күшейту сияқты бағыттарды, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша елдің халықаралық міндеттемелерді орындауына қолдау көрсетіп келесіздер. Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысушы елдерге гендерлік сезімтал заңдарды, саясаттарды, жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетулеріңізге алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да бұл бағытта бірлесіп жұмыс атқарамыз деп сенім білдіремін, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Жиында Мария Доценко гендерлік теңдікті сақтау бағытында бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді.

– Қазақстанда гендірлік саясатты дамытып, әйелдердің жоғары лауазымдарда қызмет етуіне мүмкіндік берілгені қуантады. Біздің мақсат гендірлік теңдікті сақтай отырып, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау, шешім қабылдау деңгейіне көтеру және осы бағыттағы басқа да маңызды бастамаларды жалғастыру. Әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту маңызды. Сіздің бұл саладағы көп жылдық еңбегіңіз бен тәжіриебеңізді ескере отырып, алдағы уақытта да жаңа жобаларды жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Бүгінгі кездесу үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мария Доценко.

Ал, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ляззат Сүлеймен әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әлеуметтік қолдау көрсету мәселеріне қатысты маңызды ұсыныстарды ескеруге дайын екендігін мәлімдеді.Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен «Caravan of Knowledge» (Караван знаний – Білім керуені) қоғамдық қоры Қазақстанда STEEM бойынша білім беру саласын дамытуды, әсіресе жалпы білім беретін мектептердің оқушылар мен мұғалімдерін қолдау мақсатында «STEM Kyzdar» жобасын өткізді. Жобаға облыс бойынша 600-ге жуық қыздар қатысып, олардың 35-і жеңімпаз атанды.

Жиын соңында облыс әкімі «БҰҰ-әйелдері» құрылымының жұмысына табыс тіледі. Еске салайық, «БҰҰ-әйелдері» құрылымының өкілі Қызылордаға сапары аясында білім беру ұйымдарын аралап, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесп, әйелдердің құқықтық және әлеуметтік мәселелері бойынша ортақ кездесу өткізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: