Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдайдағы ең төменгі еңбекақы төлемі кімге беріледі?

25.03.2020, 10:33 491

Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және «Атамекен» ҰКП-ға жұмыс берушілерді, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдау бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды енгізу кезеңінде төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған тұлғаларға ай сайынғы төлемдер кепілдендірілгенін атап өтті. Төлемдер мөлшері ең төменгі еңбекақы мөлшеріне сәйкес 42,5 мың теңгені құрайды.

Осындай қолдауды дағдарыс кезінде ең кемі 1,5 млн қазақстандық ала алады.

Бұл қаражат жұмыс берушілерге төтенше жағдай кезінде жұмыс орындарын сақтауға және өндірсітің мәжбүрлі тоқтап қалуы кезінде қызметкерлерді қолдауға көмектеседі. Қазіргі кезде ең қысқа мерзімде қаражатты бөлудің ашық әрі тиімді механизмін әзірлеу керек. Ол үшін «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер арасында кадрларды босату мәселесіне қатысты сауалнаманы жүргізуді қолға алды. Сіздер берген ақпарат проблема ауқымын, оның ерекшіліктерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, демек, бөлінген қаражат, егер кәсіпорныңыз төтенше жағдайға байланысты зардап көрсе, сіздің қызметкерлеріңізге де беріледі.

Atameken.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: