Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жұмыс жүйелі орындалуы керек»

11.11.2021, 13:45 313

HALYQLINE.KZ Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Онда салық базасын ұлғайту бағытындағы жұмыстардың орындалуы мен жылу беру маусымы кезеңіндегі өрт қауіпсіздік талаптарының сақталуы талқыланды.

Соңғы екі жылда пандемиялық ахуал барлық саланың жұмысына жаңашылдық енгізді. Салық органдары да түрлі өзгерістер жасап, салық базасын ұлғайтудағы кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті. Оның ішінде шағын және орта бизнеске көлемді көмек беру, ауқымды жобаларға қолдау көрсету көзделді. Нәтижесінде салық түсімінің орындалу көрсеткіші 100 пайызға жуықтады. Дегенмен, қала әкімі Ғанибек Қазантаев барлық сала басшыларына жыл соңына дейін жоспарланған бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жұмыстарын бақылауға алуды, өсім деңгейін төмендетпеуді міндеттеді.

Келесі тақырып бойынша қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Жасұлан Түйменов баяндама жасады.

Жыл басынан бері қала аумағында әртүрлі сипаттағы 146 өрт оқиғасынан 5 адам қаза болып, 13 адам жарақаттанған.

Болған өрттің 99-ы жеке тұрғын үйлерге тиесілі. Жасалған талдау – тұрғындардың тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, электр сымдарының дұрыс жалғанбауы мен ескіруінен, балалардың қараусыз қалуынан болатындығын көрсеткен. Оған қоса, кейбір қызылордалықтар жылу беру маусымында мұржа жолдарын тазалауға салғырт қарауы қайғылы оқиғаларға әкелуде. Айта кету керек, өткен жылу беру маусымында 330 дана көмірқышқыл газын анықтайтын құрылғы (датчик) әлеуметтік тәуекел топтарына кіретін отбасылардың тұрғын үйлеріне орнатылып берілген. Жыл аяғына дейін қосымша 350 данасы қойылады.

Қала әкімі Ғанибек Қазантаев басқарма басшысына тұрғындарға күнделікті түсіндірме шараларын жүргізіп, үйлерді жекелей аралауды міндеттеп, бұл жұмыстардың жыл бойы жүргізілуін қатаң тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: