Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

8 қараша – статистика күні

08.11.2021, 16:45 584

HALYQLINE.KZ 8 қараша – мемлекеттік статистикасына 101 жыл. Биыл Қазақстан статистикасы үшін Ұлттық халық санағының үшінші рет өтуімен есте қалды. Осы халық санағының алдыңғы санақтан ерекшелігі – электронды форматта өткендігі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекеева мәлімдеді.

2021 жылы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында елімізде Ұлттық халық санағы өткізілді. Халықты толық есепке алуды қамтамасыз ету және 2021 жылғы халық санағын жүргізу кезінде деректер сапасының анықтығын тексеру үшін 1 қарашадан 7 қарашаға дейін бақылау іс-шаралары нақтыланды. 1 қарашадағы жағдай бойынша халық санағы облыстың барлық тұрғындарын қамтыды.

«Жалпы, облыс статистиктері барлық шараларда белсенділігін көрсетіп келеді. Мәселен, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға арналған іс-шараларда, үздік мемлекеттік қызметші байқауларында, облыстық мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаларда жүлделі орындарды иеленуде. 2012 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен алғашқы рет статистика тарихында «Статистика үздігі» Төс белгісі бекітілді. Осы уақытқа дейін ол белгімен қызметтегі ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін Департаменттің 23 қызметкері марапатталды. Осы жылы департамент сапа менеджменті жүйесінің қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтіп, ҚР СТ ИСО 9001-2016 ұлттық стандартының талаптарына сәйкестік сертификатын алды. Бүгінгі айтулы күнде ресми статистиканың дамуы мен гүлденуі ісінде мемлекеттік статистика органдарының барлық министрліктер мен ведомстволар, жергілікті атқару органдары, ғалымдар, респонденттермен және басқа да пайдаланушылармен өзара қарым-қатынас құруы өте маңызды іс», – деді департамент басшысы Мариям Жәдігерқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: