Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыл аштан өлмейді

04.11.2021, 14:00 1102

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Ия, ауыл аштан өлмейді. Аштан өліп жатқан бір адамды көрмейді. Аштан өлейін деп жатса, бедеу тауығын соя салады, орнына бір тоқтысын қоя салады. Сары май жалайды, қойдың құйрығына қолын сілтей қарайды. Еліміздеегі ауыл біткен «семіріп» кеткен ғой. Алыстан қарасаңыз, тауларының өзі быттыйып, жайыла түскен, етегі қоңды, тастары «семіз»… Алыстан қарасаң, ауыл біткеннің бәрі майланып кеткен, осыны көрмейтіндердің көздері лайланып кеткен. Үйлер семіріп, ісініп, сарайлары сәнденіп, талдары әлденіп, жолдары тоқшылықтан кекірік атып жатқандай ма? Қайран, тоқшылық десеңізші! Ауыл десе, ауыл ғой! Ағайындар бірінде жоқ болса, бірін үйлеріне шақырып, сүйектермен атысып ойнайды. Ет асып, жемесіңе қоймайды. Көшеде кетіп бара жатсаң, қуалап жүріп, тірідей ұстап алады да, аузыңа бір шөкім етті тыға салады. Үйіңе жеткенше, жалмаңдап, шайнап барасың. Қала тіршілігі құрысын! Аштан аузыңды ашып жатсаң, тіліңді суырып алып, котлет пісіріп жейтіндей,,. сондай мейірімсіз. Ал, ауыл шіркіін! Олар сүтке шомылады ғой! Бәрінің үйлерінде сүт сауналары бар. Коттедждерде тұрады. Бірінші қабатта сиырлары, екінші қабатта өздері тұрады. Қойлары да қоңды, шалқаларынан жата кетіп, темекі шегіп жатқандары. Ауыл иттерін айтсаңшы! Үрмейді. Семіздіктен мастанып кеткен, жай, күледі де қояды.

Шынында, мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова дәл осылай мәлімдемесе де, ауыл біткеннің тоқшылықтан томпиып отырғандарын айтқан еді. Ләззат ханым, біздің ауылға келіп кетіңізші, сылдыр су сорпа ішіп қайтасыз…

Мұхтар  ШЕРІМ.

Көрнекі карикатура

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: