Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қомақты қаржы табуға шақыратын күмәнді жобалардан сақтаныңыз

27.10.2021, 14:45 306

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті азаматтарды қысқа уақытта қомақты қаржы табуға шақыратын күмәнді жобалардан сақтануға шақырады.

Қаржы пирамидасы – бұл көп жағдайда күмәнді инвестициялық жүйе және ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабымен қылмыстық жауапкершілік қаралған. Мұндай жүйе салымшылары өзінен кейін кіретін қатысушылар есебінен пайда табады. Сондықтан, қаражат ағыны тоқтаған кезде басқа қатысушылар табыссыз қалады.

Республика бойынша экономикалық тергеу органдарымен ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабымен 30 қылмыстық іс қозғалған. Оның 16-сы айыптау қорытындысымен сотқа жолданып отыр.

Егер Сізге, «өте қарқынды дамып келе жатқан» компанияға кіруді және жоғары процентпен қаражатыңызды жылдам қайтаруды ұсынса, тәуекелге бармай тұрып – тексеріңіз:

– аталған компания ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеуші ретінде тіркелген бе?

– компанияда ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар ма?

Құрметті азаматтар, егер Сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе осындай пирамидаға Сіздің таныстарыңыз немесе жақындарыңыз тартылған болса, құзыретті органдарға жүгінуіңізді сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің 8 (7172) 70-84-78 нөмірлі, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 8 (7242) 21-52-09 нөмірлі сенім телефондары тәулік бойы қосулы.

ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша экономикалық

тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: