Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Team Building» – жастарды ортаға бейімдеу

15.10.2021, 9:29 1144

HALYQLINE.KZ «TEAM BUILDING» жайлы естідіңіз бе? Ендеше аталған сөздің мағынасына тоқталсақ. «Team Building» – жүйені құруға бағытталған команда құруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы ретінде анықтауға болады. Қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, топтың ұйымшылдығы, мәселелерді шешу, шешім қабылдау барлығы осы сөздің аясында жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, бұл – спорт, студенттер, бизнес, әскери және басқаларында болсын тиімділігі жоғары командалар құруға бағытталған адамдар тобына арналған жаттығулар. Бір сөзбен айтқанда, салғырт жастарды белсенді ортаға бейімдеу болып табылады.

13 қазан күні облыстық жастар ресурстық орталығымен мен «Ақмешіт» колледжінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ақмешіт» колледжінің алғашқы курс студенттері арасында «TEAM BUILDING» жаттығулары сайыс түрінде өткізілді.

Мақсат – білім ордасының студенттерінің қоғамдық жұмыстар мен белсенділік өмірге деген қызығушылығын ояту.

Аталмыш сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңнің өзіндік қиындықтары мен қызықты сәттерін бастарынан өткізген студенттер, белсенді түрде атсалысып, жеңіске жету жолында команданың бірлігін көрсетуге тырысты.

Шара соңында белсенді болған барша командаларға облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Құрмаш алғыс хаттарды табыстап, ерекше көзге түскен жастарды арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: