Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғанибек ҚАЗАНТАЕВ: Аудандардан нәтижеміз төмен

14.10.2021, 10:00 530

Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың төр­ағалығымен өткен аппарат мәжілісінде алдымен кадрлық өзгерістер таныстырылды. Атап айтар болсақ, бұдан былай спорт, ішкі саясат, мәдениет, және әлеуметтік салаларға Бектас Нұридинов, ал кәсіпкерлік, қаржы және экономика, ауылшаруашылық салаларына Ғабит Жаңабаев жетекшілік жасамақ. Сонымен, алқалы жиында шаһарда жыл басынан бері атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қорытындысы қарал­ды.

Алғашқысы «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 9 айлық қорытындысы, «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 9 айлық қорытындысының орындалуы назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мем­ле­кеттік бағдарламасының орындалуы тура­лы  мәселелер  қозғалды.

Пандемиялық ахуалға сәйкес орта және шағын кәсіптің дамуына кері әсерін тигізуде. Дей тұрғанмен азаматтарға қолдау көрсету мақсатында біршама бағдарламалар жүргізілуде. Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысы бо­йынша «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнес­ті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында істелген жұмыстың нәтижесін қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Амангелдиев баяндады.

– Осы   жылдың  1 қыркүйегіне  қала  бо­йынша  26 594   шағын  кәсіпкерлік субъектісі  (заңды тұл­ға  – 6081,  дара  кәсіпкерлер  – 18854,  шаруа қожалықтары – 1659) тіркелген. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны 22 606 нысанды  құрап  (заңды  тұлға – 4340, дара кәсіпкерлер – 16749  және шаруа қожалықтары – 1517), өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыр­ғанда 104,4%-ды көрсетуде. Облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъек­тілерінің 44,7%-ы  Қызылорда  қаласының  үлесінде, – деді.

Жыл басынан бері мемлекеттік бағдар­ламалар шеңберінде жалпы құны 13,4 млрд теңгені  құрайтын  1349  жоба  қолдау  алған.  Бұдан бөлек, қаржы ұйымдарының өз қаражаты есебінен 333,4 млн теңгені құрайтын 28 жоба қаржыландырылыпты. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік  бағдар­ламасы  аясында  бүгінгі таңда жалпы құны 11,5 млрд теңгені құрайтын 653 жоба қаржыландырылып, ал қалаға қарасты елді  мекендер  тарапынан жоба құны 634,7 млн теңгені  құрайтын  41  жоба  қолдау  тапты.

Айта кету керек, «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы бойынша басым­дық берілген жобаларды жеңілдікпен несие­леу  бағдарламасы  аясында жоба құны  937 млн теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды. Алайда, атқарылған жұмысқа шаһар басшысы Ғанибек Қонысбекұлының көңілі толмады. Төмен нәтиже екенін ескертіп, бұл мәселе өткен жолы да қайталанғанын тілге тиек етті. Статистика бойынша аудандардың көрсеткішінен әлдеқайда артта қалып қойыпты. Қала әкімі ескерту жасап, жауапты азаматтарға атқару­ға  міндетті  тапсырмаларды  жүктеді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – 2017 жылдан бастап «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ламасының орындалуы. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – халықты нәтижелі жұмыс­пен қамтуға жәрдемдесу және азамат­тарды кәсіпкерлікке тарту. Осы бағдарлама аясын­да бірінші бағыт – бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқамерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурс­тарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. Аталған бағыттар бойынша межелеген жоспардың толығымен орындалуына жауапты қызметкерлер жұмыс істеуде. Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшы­сы  Кенжегүл  Құрақбаева:

 – 2021 жылдың 1  қазанына  қалалық  жұмыс­пен қамту  орталығына  жұмыс іздеуші  ретінде ха­бар­ласқан азаматтардың саны – 11 186, оның ішінде жұмысқа орналасқан азаматтар – 6027, тұрақты жұмысқа орналасқаны – 5011, хабарласқандар қатарынан жұмысқа орналасқандар үлесі 44,8 пайызға орындалды. 2021 жылдың  27 тамызда облыстық өңірлік комиссиямен бекі­тілген  тізімге сәйкес тек «Альфа Құрылыс» ЖШС тарапынан сырлаушыға – 18 адам, қазандық операторына – 10 адам, слесарь-сантехникке – 7 адам, барлығы 35 адам оқуға жолданып, 2 555 мың теңге игерілді. Бүгінде оқу курстарын аяқтаған 16 адамды «Альфа Құрылыс» ЖШС тұрақты жұмыспен қамтыды. Қалған 19 адам оқып  жатыр,  –  деді  бөлім  басшысы.

Статистикаға сүйене отырып, «Аудандардан нәтижеміз неге төмен?» деді Ғанибек Қоныс­бекұлы. Бұл сауалға Кенжегүл Құрақбаева «Аудан­дарда халық саны аз, сол себепті пайыз­дық  көрсеткіші  жоғары  болады» деп жауап қатты. Мүмкіндікке толы қалада нәтиженің ауыз толтырып айтатындай емес екенін және  жауапкершіліктің  төмен екенін қала әкімі ескерте  кетті.

Жыл басында жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беруге респуб­ликалық бюджеттен 660 адамға 385044 мың теңге қаражат бөлініпті. 654 қайтарымсыз грант алған азаматтардың ішінде 578-і өз кәсібін жүргізуде.  Осы мүмкіндікті дұрыс бағытта қолдана алмаған 76 кәсіпкерге сотқа арыз беріліп, оның 59 адамына сот оң шешімін қабылдап, 17-сіне сот  ісі  қаралуда.

– Қызылорда қаласы бойынша ауыл шаруа­шылығы жалпы өнімінің көлемі 4,1 млрд теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен  жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артып, өсімдік шаруашылығы – 103,3, мал шаруа­шы­лығының өнімдері 102,6 пайызды құрады. Ауыл шаруа­шылығы құрылымдарында 8905 гектарға ауылшаруашылық дақылдары орналастырылып, оның  ішінде  негізгі  дақыл күріш – 4113 гектар, дәндік дақыл – 657 гектар, майлы дақыл – 40 гектар, бау-бақша, көкөніс – 2818 гектар, мал азықтық дақылдары 1278 гектарға егілді. «Каз­АгроМир» ЖШС құны – 1,1 млрд теңгені құрайтын Ақсуат ауылдық округінде көлемі 2,2 гектар автоматтандырылған кешенді жылыжай құрылысы жұмыс істеуде. Автоматтандырылған жылыжай кешені былтыр іске қосылып, 165 тонна қияр өнімін өндірсе, ағымдағы жылы 120 тонна қияр өндіріп, қала аумағындағы  сауда үйлеріне төмен бағада өткізді, – деді қалалық ауыл шаруашыл­ығы бөлімінің  басшысы  Нұрбек  Әзірбекұлы.

Аппарат мәжілісінде қала әкімі Ғанибек Қазантаев жыл аяғына дейін уақыт беріп, көрсетілген межеге сәйкес жұмыстар атқаруды жауап­тыларға  міндеттеді.

Азамат  АБИМОЛДА

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: